“Трейлер қарап, табыс тап“. Алматыда қаржы пирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
“Трейлер қарап, табыс тап“. Алматыда қаржы пирамидасы әшкере болды видео кадры

ҚМА Алматы бойынша департаменті Warner Bros қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы бойынша департаменті Warner Bros қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға үгіттеген.

"Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компанияның атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған. Жоба 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен.

"Тергеу барысында салымшылардан жиналған және аударылған қаражатты сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды. Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 миллион USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетіні айтылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама