09 тамыз 2022 | 13:46

"Тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберілді". Қостанай облысында 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызын іздеп жүрген кезде табылған тістелген жүгері сараптамаға жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызын іздеп жүрген кезде табылған тістелген жүгері сараптамаға жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылданған. Жүгері алқабынан табылған тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберіледі.

"Жұмыс істеген аумақты ескеріп, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейеді: Жамбыл кенті - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы және Самир кенті. Таңертең екі тікұшақпен және бір ұшақпен әуе патрульдері жүргізіледі. Олардың бірінде тепловизор бар", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Жол бойында полицейлер су мен тамақ тастап кетіп жүр.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная