ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2022 | 15:40
Цементті үнемдеген: Ұлытау облысында мердігерге айыппұл салынды
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа ғимарат Жаңаарқа ауылында салынған. Құрылысшылар цементті үнемдеп, жұмыс істеп жатқанын бірінші болып жергілікті тұрғындар байқаған. Олар видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Шағымдардан кейін құрылыс жұмыстарының сапасын арнайы комиссия тексерген. Нысанда бірқатар заңбұзушылық анықталған.
"Заңбұзушылықтар анықталды. Үш қатарды цементсіз салған. Бұл үшін мердігерге 400 АЕК (шамамен 1,2 миллион теңге - еск.) айыппұл салынды, хаттама толтырдық. Техникалық бақылау бойынша 60 АЕК көлемінде айыппұл салдық. Сонымен қатар, оның куәлігін алты айға тоқтаттық", - деді Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басшысы Қайрат Қамзин.
Жаңаарқа аудандық құрылыс бөлімінің басшысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Үй "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған. Енді комиссия дәл осы мердігер тапсырған 17 көпқабатты үйдің сапасын тексеруді көздеп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также