ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2022 | 15:44
"Цербер" штамы туралы не белгілі? Ажар Ғиният пен Алексей Цой айтып берді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен бұрынғы министр, ал қазір Президент Іс басқармасы медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Қазақстанда жуырда ғана анықталған "омикронның" "Цербер" деп аталатын жаңа түрі туралы не белгілі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цербер" - "омикронның" кіші түрлерінің бірі. "Омикронның" ішкі түрлерін бақылап, тексеретінімізді және анықтайтынымызды білесіздер. "Цербер" жалпы айналымдағы вирустың 0,5 пайызын құрайды. Ол жеңіл сипатталады. Қазір ауруханада 100 науқас жатыр. Бұл, негізінен егде жастағы, екпе алмаған, уақытылы екпе алмаған науқастар. 10 науқас ауыр халде", - деді Ажар Ғиният Сенат кулуарында.
Астанада қонақ ретінде қатысқан кездесулердің бірінде Алексей Цойға журналистер сұрақ қойған. Экс-министр вирустың жаңа штамдары үнемі пайда болатынын атап өтті.
"Бұл қалыпты тәжірибе. Өлім жағдайына әкеп соқпауы маңызды. Яғни, "омикрон", басқа штамдар пайда болды... Бірақ олардың өлімге қабілеттілігі соншалықты жоғары емес. Бұл өте маңызды. Біз жұқтырумыз мүмкін, бастысы бұның ауыр зардаптарға әкелмегені", - деді ол.
Алексей Цой коронавирус немесе тұмау болсын, кез келген вирустық аурулардың өршуі кезінде стандартты заттар – маска, гигиена және иммунитетті қолдау ауырмауға көмектесетінін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также