ТШО-ның желтоқсандағы әлеуметтік инвестициялары: адамдарға бағытталған қолдау

ТШО-ның желтоқсандағы әлеуметтік инвестициялары: адамдарға бағытталған қолдау Фото: "Теңізшевройл" ЖШС

Жаңа жыл қарсаңында адамдар бір-біріне сыйлық жасап, ақжарма тілектерін арнайды, зор денсаулық пен амандық тілейді. Осындай ізгі дәстүрді еліміздің батысындағы мұнай-газ компаниялары да ұстанып келеді. Биыл да Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі - "Теңізшевройл" компаниясы Атырау облысына 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

Жаңа жыл қарсаңында адамдар бір-біріне сыйлық жасап, ақжарма тілектерін арнайды, зор денсаулық пен амандық тілейді. Осындай ізгі дәстүрді еліміздің батысындағы мұнай-газ компаниялары да ұстанып келеді. Биыл да Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі - "Теңізшевройл" компаниясы Атырау облысына 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

Бұл - жай ғана символдық қадам емес, санаулы минуттар мен секундтар шешуші рөл атқаратын жағдайларда өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне қосылған нақты үлес. Бұл шешім компанияның ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған жүйелі әлеуметтік саясатының заңды жалғасы болды. Жаңа жедел жәрдем көліктері - адам өмірі үшін күресте ұтылған уақыт емес, ұтылған мүмкіндік, ал медицина қызметкерлері үшін ең жауапты сәтте техника сенімді қызмет етеді деген сенім. Заманауи жабдықталған автокөліктер бригадалардың жұмыс қауіпсіздігін арттырып, шалғай елді мекен тұрғындары үшін де шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

"Біз жұмыс орындары мен еңбек жағдайларын жақсарту бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз. Бұл іске тек мемлекет қана емес, өңірдегі ірі компаниялар да белсенді түрде атсалысып отыр. Бүгін сіздер осы серіктестіктің нақты нәтижесін көріп отырсыздар: Атырау облысының ең ірі жер қойнауын пайдаланушысы - ТШО жедел жәрдем көліктерін табыстауда. Бұл техника медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, демек, өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған", - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Жедел жәрдем қызметіне түсетін жүктеме артқан кезеңде автопаркті жаңарту ерекше маңызға ие болып, өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ТШО-ның маңызды үлесіне айналды. Компания дәл осындай - бір реттік емес, ұзақ мерзімді шешімдерге негізделген тәсілді өзге де әлеуметтік бастамаларында жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

"Жедел медициналық көліктерді табыстау - бұл ТШО-ның шұғыл медицина қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күн сайын адам өмірін сақтап жүрген медицина қызметкерлерін қолдауға қосқан үлесі. Біз халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеміз", - деп атап өтті "Теңізшевройл" ЖШС бас директоры Билли Лакоби.

Коммуналдық техника мен медицина - Жылыой ауданына берілген нақты көмек

Желтоқсан айында өңірдегі өмір сапасын арттыруға бағытталған қолдау қалалық инфрақұрылымды дамыту арқылы да көрініс тапты. Жаңа жыл қарсаңында ТШО Жылыой ауданына жалпы құны 1,3 млрд теңгеден асатын 18 бірлік арнайы коммуналдық техниканы табыстады.

Бұл техника көшелерді тазалауға, қыс мезгіліндегі жұмыстарға, су тасқыны салдарын жоюға және коммуналдық қызметтердің күнделікті қызметін қамтамасыз етуге арналған. Автопарк экскаватор-тиегіштермен, самосвалдармен, қар тазалайтын және көпфункциялы машиналармен толықты. Бұл коммуналдық кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттырып, қалалық инфрақұрылымның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында біз әкімдікпен бірлесіп Құлсары қаласының қалалық ортасын жақсарту бағытында жұмыс істеп келеміз. Қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары тұратын аудан тұрғындары нақты қолдауды сезінуі біз үшін маңызды", - деді "Теңізшевройл" ЖШС Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев.

Әлеуметтік саланы нығайту аясында компания ауданның медициналық инфрақұрылымына да назар аударды. Қосымша ретінде Орталық аудандық ауруханаға шамамен 17 млн теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдық - донорлық плазмаферезге арналған автоматты аппарат сатып алынды. Бұл жабдық кезең-кезеңімен іске қосылып, аудандық денсаулық сақтау саласының мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Инклюзивті сыныптар - балалар мен олардың отбасыларына арналған жаңа жылдық сый

Желтоқсан айында отбасыларды қолдауға бағытталған жобалардың бірі - Құлсары қаласында инклюзивті білім беруді дамыту болды. 17 желтоқсанда мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Жоба ТШО мен Samruk-Kazyna Trust қорының бірлесуімен жүзеге асып, қаланың №16, №8, №7, №18 және №21 мектептерін қамтыды.

Алғашқы кабинеттер Д. Жазықбаев атындағы №16 мектепте жұмысын бастады. Аумағы 56 шаршы метрді құрайтын заманауи әрі функционалды кеңістікте бір мезетте 10-ға дейін педагог жұмыс істей алады, ал күн ішінде 40-қа жуық бала сабаққа қатысады. Осылайша, балалар үшін өз мектептерінде оқу үдерісінен қол үзбей, қажетті қолдау алуға жағдай жасалды.

Жоба 158 баланы қамтып, кешенді тәсілді көздейді: логопед, психолог және дефектологпен сабақтар, сенсорлық және дамытушы қолдау, бейімделген дене шынықтыру, сондай-ақ педагогтарға арналған бір жылдық әдістемелік сүйемелдеу мен оқыту. Бастаманы қаржыландыру серіктестер арасында тең бөлініп, әр тараптан 75 млн теңгеден астам қаржы бағытталды.

Жыл қорытындысы: нақты өзгерістермен өлшенетін сыйлар

Жаңа жыл қарсаңында жабдық табыстау игі дәстүрге айналған. Өткен жылы да ТШО демеушілік көмек аясында ауданға екі бірлік арнайы жол техникасын - SDLG автогрейдері мен KADEME тазалау машинасын, сондай-ақ Орталық аудандық ауруханаға күйікке қарсы арнайы төсек сыйға берген болатын.

Алайда компания өкілдері демеушілік қолдау мұнымен шектелмейтінін атап өтті. Биыл "Игілік" ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында облыстың 15 денсаулық сақтау мекемесіне медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу және кезең-кезеңімен табыстау жұмыстары да жүзеге асырылып жатыр.

Мұндай әлеуметтік инвестициялар сенімді нығайтып, жергілікті қауымдастықтармен серіктестікті дамытады және өңірлердің тұрақты дамуына берік негіз қалайды - тек мерекелік күндері ғана емес, жыл бойы.

Tengrinews
"Теңізшевройл" ЖШС ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама