ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 маусым 2026 09:00
Цифрлы карьер: мәліметтер өндірістегі тәуекелдердің алдын алуға көмектеседі
KAZ Minerals тау-кен компаниясы кеніштердегі өндірістік процестерді басқару мен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы сандық шешімдерді дамытуды жалғастыруда. Компания өкілдері диспетчерлік жүйелердің техниканы жұмыс кезінде бақылау, тәуекелдерді азайту және өндіріс тиімділігін арттыруда тигізер көмегі жайлы айтып берді.
KAZ Minerals тау-кен компаниясы кеніштердегі өндірістік процестерді басқару мен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы сандық шешімдерді дамытуды жалғастыруда. Компания өкілдері диспетчерлік жүйелердің техниканы жұмыс кезінде бақылау, тәуекелдерді азайту және өндіріс тиімділігін арттыруда тигізер көмегі жайлы айтып берді.
Заманауи кеніштер бүгінде сандық деректерге сүйенеді. Кен таситын көліктер, экскаваторлардың жұмысы, техниканың бағыттары мен қауіпті болуы мүмкін аймақтар диспетчерлер бақылайтын жүйеге біріккен.
Кен өндірісінің мамандары диспетчерлік орталықта техниканың орналасқан жерін, кеннің тиелуі мен бағыттарды, жұмыс тоқтап қалған жерлер мен қауіпті жағдайларды нақты уақыт режимінде көріп отыратынын айтады.
Негізгі жұмыс құралы – Hexagon компаниясының HXGN MineOperate OP Pro жүйесі. Спутниктік навигация мен борттағы қондырғылар арқылы ол бүкіл техника паркін бақылауда ұстап, өндірісті жедел басқаруға мүмкіндік береді.
Жүйе операторлар үшін тиімді қозғалыс маршрутын көрсетіп, карьердегі өзгерістерді автоматты түрде анықтайды. Жол жабылғанда немесе техниканы қайта бөлу қажет болғанда бағыт та автоматты түрде қайта құрылады. Сонымен қатар жүйе техникаға жанармай құю және қондырғының ағымдағы жағдайы – жұмысы, жөндеу, күту режимі және басқа операциялар жайлы мәліметті жедел жеткізіп отырады.
KAZ Minerals мәліметіне сүйенсек, мұнда операторлар мен диспетчерлердің өзара байланысы ерекше маңызға ие. Сол арқылы өндірістегі өзгерістерді тез анықтап, уақтылы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік болады.
Кәсіпорында қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін карьердегі техниканың қақтығысып қалу қаупінің алдын алатын CAS жүйесі бар. Ол координаттарды, жылдамдық пен көліктердің бағытын саралап, соқтығысу мүмкіндігін болжайды. Техника қауіпті аймаққа жақындағанда операторға визуалды және дыбыстық ескерту жасалады.
Цифрландырудың тағы бір кезеңі қауіпті аймақтардың карьерлерді басқару жүйесіне біріктірілуі. Сандық модельге зарядталған блоктар, геотехникалық және гидрогеологиялық ұңғымалар мен электр желілері қосылған. Бұл тәуекелдер жайлы ақпаратты орталықтандырып, адамнан кететін қателіктерді азайтуға жол ашады.
Компания цифрлық мониторинг енгізілгенге дейін, 2019-2021 жылдары қауіпті аймақтарға қатысты сегіз жағдай тіркелгенін хабарлады. Ал 2022 мен 2025 жылдар аралығында тек бір жағдай орын алған. Бұл басшылықтың айтуынша тәуекелдердің шамамен 87,5 пайызға азайғанын көрсетеді.
Сандық экожүйеге операторлардың жай-күйін бақылайтын OAS жүйесі де кіреді. Ол шаршау белгілері мен адам зейінінің төмендегенін анықтап, қажет болғанда дыбыстық белгі немесе орындықты дірілдету арқылы жүргізушіге ескерту жасайды.
KAZ Minerals компаниясы цифрлық шешімдердің кеніштердегі жағдайларды толық қадағалап, өндіріс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндігін беретінін атап өтті. Дегенмен, шешуші рөлді әлі де деректерді шұғыл шешім қабылдау үшін пайдаланатын мамандар атқарады.
Суреттер: KAZ Minerals
Жарнамалық материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу