ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2020 | 15:44
Цой 1 тамызға дейінгі пневмония жағдайлары неге статистикаға кірмегенін түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 1 тамызға дейін тіркелген пневмония жағдайлары неге коронавирус статистикасына кірмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 1 тамызға дейін тіркелген пневмония жағдайлары неге коронавирус статистикасына кірмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол тіркелген пневмония жағдайларының саны туралы мәліметтер болашақта шешім қабылдауға қажет екенін түсіндірді. Атап айтқанда, пандемияның күзгі кезеңін болжау үшін қажет.
"Бізге бүгінде нақты статистика қажет. Олар ашық болуы керек және нақты жағдайды көрсетуі тиіс. Біз осыған назар аударып, жүйені қайта жасадық", - деді Алексей Цой.
Қазақстанда жыл басынан бері 234 мың пневмония жағдайы тіркелген. Цойдың айтуынша, коронавирусқа ұқсас пневмония санын бөлу және оны қазіргі статистикаға енгізу дәрігерлерге үлкен жүктеме түсіреді.
"Жағдайларды кодтау және оларды ақпараттық ресурстарға енгізу - дәрігерлер үшін үлкен жүктеме. Қазір дәрігерлер ретроспективті түрде қарайтын болса, онда ол пациенттерді емдейді немесе деректерді іріктеумен айналысады. Екеуінің бірін таңдауымыз керек болады. Менің ойымша, күзгі кезеңді және пандемия барысын дұрыс болжау үшін болашақ көрсеткіштер маңыздырақ", - деп қорытындылады Алексей Цой.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также