ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2021 | 10:27
Цой 6 миллион доза вакцина жеткізуге уәде берді
Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде өңірлерге жеткізілетін коронавирусқа қарсы вакцина көлемін арттырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде өңірлерге жеткізілетін коронавирусқа қарсы вакцина көлемін арттырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде Нұр-Сұлтанға жеткізілетін вакцина мөлшері 284 мың, Алматыға - 464 мың, Шымкентке - 172 мың, Алматы облысына - 232 мың, Қарағанды облысына - 217 мың дозаға дейін көбейді", - деді Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, сәуірде вакцинаның 2 миллион дозасын жеткізу күтіледі. Бұл адамдардың 23,4 пайызын вакцинациялауға мүмкіндік береді. Ал бірінші жартыжылдықта 6 миллионнан аса доза вакцина алу жоспарланған.
"Бұл коронавирусқа қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және өтеусіз негізде вакцинациялауға ниет білдірген адамдарды қамтуға мүмкіндік береді.
Ұжымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері іске қосылады", - деп толықтырды министр.
Цой облыстар және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары әкімдеріне халықты вакцинациялау үшін жағдай жасауды тапсырды.
Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі ақпанмен салыстырғанда 30 пайызға өскенін хабарлады.
Сондай-ақ, ол "қызыл" аймаққа Қазақстанның тағы бір облысы кіргенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также