ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2021 | 17:23
Цой, Бекшин және Сағынтаев жиналыс өткізгені үшін жазалана ма?
Санитария дәрігерлері Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин кезінде неліктен офлайн кездескенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Санитария дәрігерлері Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин кезінде неліктен офлайн кездескенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Брифинг барысында журналистеп санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан неліктен кездесу офлайн форматта өткенін сұрады.
Қалықова жиналыс шұғыл түрде өткенін, ал барлық қатысушыда ПТР-тестінің нәтижесі теріс болғанын айтты.
"Бұл Алматыда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай бойынша шұғыл отырыс болды. Жиналыс офлайн режимде өткізілді. Бірақ ол барлық қатысушыда ПТР-тесті теріс және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүргізілді. Шараны өткізудің басқа нұсқасы қарастырылмады", - деді Әсел Қалықова.
Журналистер Алматының санитария дәрігерінің қай қаулысында жиындарды шұғыл түрде офлайн өткізуге рұқсат берілгенін сұрады. Алайда Әсел Қалықова ешқандай қаулыда оған рұқсат жоғын, бірақ басқа пункт барын айтты.
"Әр қаулыда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл әрекет пункті бар. Бұл солардың бірі болды", - деді ол.
Еске салайық, 26 наурызда Алматыда Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, вице-министр Ажар Ғиният, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали және басқа да шенеуніктер жиналыс өткізген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также