11 қыркүйек 2020 | 17:30

Цой брифингке қашан қатысады? ДСМ жауап берді

Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ведомство басшысы Алексей Цой брифингке қашан қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ведомство басшысы Алексей Цой брифингке қашан қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік арнайы медиажоспар дайындап жатыр екен.

Реклама
Реклама

"Министр ашық, онымен және орынбасарларымен сөйлесуге мүмкіндік бар. Қазір олар өңірлерді аралап, денсаулық сақтау жүйесін коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексеріп жатыр.

Күніне тоқталайын. Біз қыркүйек және жылдың соңына дейін коммуникация жоспарын әзірледік. Оған сәйкес, барлық вице-министр, министр және құрылымдық бөлімдердің басшысы орталық коммуникациялар және тағы басқа алаңдарда өтетін шараларға қатысуға міндетті болады", - деді ол.

Бағдат Қожахметов бұл жоспарды министрдің әлі бекітпегенін атап өтті. Бірақ ведомство басшысы Алексей Цой оны бекіткеннен кейін жоспар жарияланады екен.

Елімізде ауруханалар COVID-19 жұқтырған қанша науқасты қабылдай алады?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная