ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2021 | 12:43
Цой жалған вакцинация паспорты туралы: Жекелеген жағдайлар жалпыға әсер етпейді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жағдай жақсарды. Бірақ, өкінішке орай, коронавирус жойылған жоқ. Еуропада не болып жатқанын, оқшаулау жарияланғанын, Ресейде, басқа да көрші мемлекеттерде болып жатқанын көріп жатырсыздар. Жағдай жақсы жүріп жатыр. Біз ұжымдық иммунитетті біртіндеп дамытамыз", - деді Цой Үкімет отырысында.
Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап, халық 70 пайызға вакцинацияланса, пандемияға қатысты жағдай өзгеретінін айтты.
"Бұл көрсеткішке барлығы ұмтылады, бір елді ғана вакцинациялау жеткіліксіз. Азаматтар басқа елдерге барады, олар бізге келеді. Сондықтан әлемде ұжымдық иммунитет болуы керек", - деді ол.
Алексей Цой елдегі жалған вакцинация төлқұжаттарына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, жалған вакцинацияланған адамдар статистиканы бұзбайды.
"Менің ойымша, халықтың көп пайызы екпе алды. Бастапқы кезеңде түсінбеушілік болды, олар мұның не үшін екенін түсінбеді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін бәрі тәртіпке келді. Екпе салатын орындарға камералар қойылды. Ал егер әлі де жалған вакцинация паспортын алғандар болса олар жалпы жағдайға әсер етпейді", - деп сендірді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также