ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2021 | 16:23
Цой Қазақстанда маска тағу режимі қашан аяқталатынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда маска тағу режимі қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда маска тағу режимі қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл ең маңызды мәселелердің бірі шығар. Мұны күздің басына қарай тоқтауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйекке қарай халықтың басым бөлігін вакциналап бітуіміз керек. Кейбір елдерде халықтың 60 пайызына дейін вакцина салдырғанын және маска тағу режимін алып тастауға рұқсат етілгенін көріп отырмыз, өйткені ұжымдық иммунитет бар. Осылайша адамдар бір-бірін қорғайды", - деді Цой Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, егер қазақстандықтар қазір бетперде тағуды тоқтатса, вирус тарала береді. Өйткені вакцина алмаған адамдар өте көп.
"Вирус адамнан адамға беріледі. Вакцина алған адамда вирустың таралуы тоқтайды. Егер адамдардың көпшілігі вакцина алса, вирус одан әрі басқа біреуге берілмейді", - деді Цой.
Сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі екі миллион адамды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарын орындамады. Алайда мамырдың басында билік бір айда тағы екі миллион адамды вакцинациялауға уәде берді. Қыркүйек айына дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланған.
Бүгінде вакцинаның бірінші компонентін 2 056 768 адам алды. Олардың ішінде 997 360 адам екінші компонентті алып, вакцинацияның толық курсын аяқтаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также