16 маусым 2021 | 14:06

Цой Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізу туралы айтты

Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын жеткізудің нақты уақыты анықталмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын жеткізудің нақты уақыты анықталмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төрт вакцина (Қазақстанда қолжетімді. - автор.) - үлкен жетістік. Көптеген елде мұндай таңдау жоқ. Әрине, біз осы уақытта Pfizer-мен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бірнеше ай болды", - деді Алексей Цой ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер сұрағына.

Оның айтуынша, вакциналарды жеткізу туралы келіссөз жүргізіліп жатқан барлық өндірушімен ақпарат жарияламау туралы құжатқа қол қойылады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта вакциналарды жеткізудің нақты күндері мен бағасы белгісіз. Біз соңғы растауды күтіп отырмыз. Осыны ғана айта аламын", - деді ол.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанда 2021 жылдың екінші жартыжылдығында пайда болуы мүмкін деп хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан AstraZenecа вакцинасын жеткізу бойынша келіссөзді тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная