ПОДЕЛИТЬСЯ
24 тамыз 2020 | 16:14
Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан салатынын айтты
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов ведомство басшысы Алексей Цойдың вакцинацияға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов ведомство басшысы Алексей Цойдың вакцинацияға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоджахметовтың айтуынша, вакцинаны кем дегенде алты ай уақыт күтуге тура келеді.
"Алексей Владимирович бұл вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткеннен кейін салдыратынын және ол оған тегін болатынын айтты. Себебі ол денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері. Ал денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері - 200 мыңнан аса адам жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті бар, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтар сияқты қауіп тобына кіреді", - деді Қоджахметов.
Оның айтуынша, қазір бұл шекті 60 жылға дейін төмендету мәселесі қарастырылып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также