ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2021 | 09:59
Цой коронавирустың таралуы бойынша 3 жаңа болжам айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша жаңартылған болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша жаңартылған болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Цой Қазақстандағы коронавирус тарауы бойынша үш болжам айтты.
"Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық болады.
Екінші, реалистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мыңға жетеді.
Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың болады", - деді Цой.
Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсендігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға вакцинамен қамтуды ұлғайту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз", - деді ведомство басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также