27 мамыр 2021 | 17:10

Цой мұсылман елдері QazVac-қа қызығып отырғанын айтты

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac  вакцинасына 10-ға жуық ел қызығушылық танытқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac  вакцинасына 10-ға жуық ел қызығушылық танытқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз үлкен белсенділікті көрдік. Негізінде біздің вакцина - мұсылман әлеміндегі толығымен жасалған және шығарылған алғашқы вакцина. Көптеген мұсылман мемлекеті бізге жүгінеді. Жақында БАӘ-дегі әріптесіммен сөйлестім, олар қызығушылық танытып отыр. Бізге Қатардан жүгінді. Барлығы 10-ға жуық ел QazVac-ты жеткізу мәселесі бойынша жүгінді.

Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, авторлық құқықты тіркейміз. Біздің институт болашақта QazVac-ты ғана емес, басқа да вакциналарды (экспорттау үшін - автор.) халықаралық патент алып жатыр", - деді Цой блогер Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Ол, сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцинаны көптеген дамыған ел жасай алмай отырғанда бұл Қазақстанның қолынан қалайша келгенін айтып берді.

Реклама
Реклама

"Біздің ғалымдар кез келген вирусты бөліп алып, одан вакцина жасай алатынын көрсетті. Бұл Қазақстан басқа елдерге қарағанда ақылдырақ дегенім емес. Осындай қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханалар әлемде аз. Мұндай жабайы вирустармен жұмыс істеу тәжірибесі көп елде жоқ. Осыған байланысты біз жасай алдық. Біз бұл мәселемен көп жылдар бойы айналысып келеміз", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная