Цой неге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағанын айтты

Цой неге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағанын айтты Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өндірісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өндірісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздік мәселелері базасында алғашқы серияны шығарды. Клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша техникалық есептердің дайын болуын күтеміз. Олар сәуірдің соңына дейін дайын болуы керек. Вакцинацияға дайындалып жатырмын және сіздермен бірге қазақстандық вакцинаны салдыруға дайынмын", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, өнеркәсіптік ауқымда қазақстандық вакцинаны өндіру алдағы айларда басталмайды.

Реклама
Реклама

"Қазір өндірісті іске қосу кестелері пысықталып жатыр. Жақында технологиялық желіні тапсыруы қажет. Барлық үдеріс жүргізіліп, өндіріс GMP стандарттарына жеткенде зауыт іске қосылады. Бірақ бұл жыл соңына жоспарланған", - деді министр.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 50 мың доза QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы сәуірде Қазақстан өңірлеріне жеткізілетінін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама