Цой отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Цой отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты Сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бес адамнан тұратын отбасына азық-түлік алуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бес адамнан тұратын отбасына азық-түлік алуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Мәжіліс кулуарында министрден отбасылық бюджет туралы сұрады.

"Отбасымда 5 адам бар, азық-түлік шығындарына орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге жұмсаймыз. Мұның бәрі отбасылық жиын немесе басқа нәрселерге байланысты. Біз де басқалар секілді қарапайым дүкендерге барамыз. Сондықтан бұл - қалыпты жағдай", - деді денсаулық сақтау министрі.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айына 900 мың теңге көлемінде жалақы алатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама