26 қаңтар 2021 | 12:24

Цой Тоқаевқа Қазақстанда дәрі тапшылығы болмайтынына уәде берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда дәрі тапшылығы болмайтынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда дәрі тапшылығы болмайтынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Цойдан дәрілердің бағасы мен қолжетімділігі туралы сұрады. 

Реклама
Реклама

"Менің түсінгенім бойынша, бұл мәселе әлі де бар. Бұл бағыт бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?" деді Мемлекет басшысы. 

ДСМ басшысы ведомствода дәрілік заттарға шекті бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидалары қайта қаралғанын айтты. 

"Қазіргі уақытта бізде антиковидті препараттарға арналған маркетингтік шығындар толық жойылып жатыр. Медициналық қызметте ажиотаж болмауы үшін және ол қолжетімді болуы үшін көтерме және бөлшек баға екі есе төмендеді. Біз амбулаторлық деңгейде коронавирус инфекциясы мен пневмониямен ауырып жатқандарға, жалпы бөлшек сауда дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілді. Осылайша, біз антиковид желісі бойынша дәрілік препараттардың бағасын 27 пайызға төмендеттік", - деді Цой. 

"Менің түсінуім бойынша, дәрі тапшылығы болмайды ғой?", - деп сұрады Тоқаев. 

"Иә, бұл параметр біздің бақылауымызда", - деді министр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная