30 маусым 2020 | 09:35

Цой Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шараны ұсынды

Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңес. Фото: akorda.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың пікірінше, үкіметтің әрекеті коронавирустың жаппай тарауының алдын алған. 

Реклама
Реклама

Енді жаңа министр халыққа қажетті 10 негізгі шараны атады:

- амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарын әзірлеу;

- дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедураларын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;

- COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютерлік томографиямен бірге қолдану арқылы диагностиканың қол жетімділігін арттыру;

- сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, тесттерді уақытында жеткізу;

- шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыруы;

- науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

- амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;

- ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;

- жерлеу тәртібін өзгерту;

- азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная