Түлкінің қала кезіп жүруі Жітіқара тұрғындарын қорқытты

© alau.kz

?останай облысында?ы Жіті?ара ?аласында бірнеше к?н бойы т?лкі ?ала к?шелерінде ж?р, - деп хабарлайды Alau.kz басылымы жергілікті т?р?ындар?а сілтеме жасап. 

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында бірнеше күн бойы түлкі қала көшелерінде жүр, - деп хабарлайды Alau.kz басылымы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап. 

Порталға хабарласқан әйелдің айтуынша, түлкіні қаланың бірнеше жерінен көрген. Ол Жітіқараның орталығына шығып, алаңда отырған. Бірнеше күн бойы ол еш алаңсыз көше бойымен кезіп жүрген.

"Бүкіл қала тұрғындары шуласып жатыр. Ол өзімен-өзі жүгіріп жүр, адамдарға жақындамайды. Бірақ адамдар тістеп алады деп қорқады және құтырған болуы мүмкін. Оның ұлығанын естіген адамдар да бар", - деді Жітіқара тұрғыны Ирина есімді әйел. 

Реклама
Реклама

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі өңірлік инспекциясы басшысының орынбасары Хилимхан Молдағұловтың айтуынша, түлкінің қала кезіп жүруіне бірнеше себеп бар. 

"Түлкі неге қалаға шығып кетті? Бұл құтырған болуы мүмкін. Бәлкім олай болмауы да мүмкін. Әрине, тексеру қажет. Қазіргі кезде жануарларда жейтін азығы бар, себебі әлі қар қатты түсе қойған жоқ. Жануарлар азығын тауып жей алады. Арыз түскен жағдайда, біз әрекет ететін боламыз. Бұл бізге мемлекеттен түсетін тапсырыстардың бірі, сол себепті онымен айналысатын боламыз", - деді Хилимхан Молдағұлов. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама