12 тамыз 2022 | 16:02

"Тұлпар-Тальго" пойыз басшылары қызметтегі қолдау үшін ақша төлеген - ҚМА

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚМА елордалық департаменті "Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаске бастығы мен оның орынбасарына қатысты "Тұлпар-Тальго" пойыз басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА елордалық департаменті "Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаске бастығы мен оның орынбасарына қатысты "Тұлпар-Тальго" пойыз басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, "Экспресс" филиалының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған.

"Барлығы 27 жағдай анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная