ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2022 | 11:44
Тұман, жаңбыр. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, атлантикалық циклон әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауады, түнде Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауады деп күтіледі. Жел күшейіп, батыста, шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды:
- батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8 градус жылы, күндіз 10-20 градус;
- солтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 7-12 градус;
- республика орталығында 3-8 градус жылы, күндіз 5-19 градус;
- шығыста түнде 5 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз 5-13 градус;
- оңтүстікте түнде 2-7 градус жылы, күндіз 10-20 градус;
- оңтүстік-шығыста түнде 5-7 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также