Тұман және қар: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған 13, 14 және 15 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған 13, 14 және 15 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

13 қараша – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар жауады. Тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –6...–8°, күндіз –2...–4° аяз.

Реклама
Реклама

14 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –8...–10°, күндіз –0...–2° аяз.

15 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –2...–4° аяз, күндіз +2...+4° жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

13 қараша – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4°, күндіз +9...+11° жылы.

14–15 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2°, күндіз +10...+12° жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама