Тұман және қатты жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Тұман және қатты жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды Фото:depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 26 қаңтарда екпіні секундына 15-20 метрге дейін баратын қатты жел Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облыстарында күтіледі.

Жетісу облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Синоптиктердің болжамы бойынша Ұлытау облысында екпіні секундына 23 метрге дейін жел соғады.

Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Ақтау қаласында тұман күтіледі.

Жамбыл облысы мен Таразда екпіні секундына 23-28 метрге дейінгі жел мен тұман түседі деп күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" Астана, Алматы және тағы 8 қала тұрғындарына ескерту жасаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама