ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2024 | 08:17
Тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша, 31 қазанда еліміздің 17 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күн жауын-шашынды болып, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктердің болжамынша, 31 қазанда еліміздің 17 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күн жауын-шашынды болып, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында да тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр болады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші - 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ. Облыстың басым бөлігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ.
Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также