ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2024 | 08:13
Тұман және үсік: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 қыркүйекте еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 қыркүйекте еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлытау облысы: Солтүстігінде тұман, шығысында және орталығында солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысы: Солтүстігі мен шығысында тұман, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы: Солтүстігінде 2 градустық үсік, солтүстігі мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы: Солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, түнде батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан желдің екпіні оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысы: Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с. Басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы: Батысы мен орталығында найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз орталығында екпіні 15-20 м/с. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы: Оңтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аймағында екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысы: Батысы мен солтүстігінде тұман, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысы: Батысы, солтүстігі және шығысында тұман, батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы: Оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай, батыстан жел соғады, оңтүстігінде, таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Алматы қаласы: Күннің соңында найзағай, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Атырау облысы: Батысы мен оңтүстігінде найзағай, солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, түнде батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысы: Таулы аймақтарында найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батысы мен таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Шымкент қаласы: Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Абай облысы: Солтүстігі мен орталығында тұман, солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстік-батысы, шығысы және орталығында екпіні 15-20 м/с. Шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысы: Батысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы: Батыс және солтүстік-батыстан жел соғады, түнде солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 23 м/с.
Павлодар облысы: Оңтүстігі мен шығысында тұман.
Жамбыл облысы: Таулы аймақтарында тұман, солтүстігі мен оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Басым бөлігінде төтенше, оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также