ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2022 | 08:35
Тұман, жел, көктайғақ. Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
24 қазанда жел, тұман және көктайғақ салдарынан Астана, Алматы және 11 облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазанда жел, тұман және көктайғақ салдарынан Астана, Алматы және 11 облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада және Алматыда түнде және таңертең көктайғақ болады..
Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Көкшетауда көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ, түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-батысында жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының орталығында және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл маңында солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.
Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында күндіз шығыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также