04 қараша 2024 | 08:21

Тұман мен көктайғақ: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер 4 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 4 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, 4 қарашада Астанада екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел соғады. Күндіз жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола облысында жауын-шашын – жаңбыр мен қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Реклама
Реклама

Көкшетау тұрғындарына 4 қарашада жолда абай болу керек. Мұнда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Оралда 4 қарашада көктайғақ күтіледі, таңертең және түнде тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыс Қазақстан облысында да тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде және Абай облысының шығысында тұман, екпінді жел күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады деп болжанған.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная