"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің бес өңірінде ауа райы бұзылады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бес өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның бес өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

17-19 қарашада Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде секундына 15-20 метр, күндіз 17, түнде 18-19 қарашада екпіні секундына 25 метр болады.

Таразда 17-19 қараша күндері тұман түсіп, көктайғақ болады.

Реклама
Реклама

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақтауда 17 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, боран соғады.

Сондай-ақ, 17 қарашада Алматы облысында тұман, көктайғақ, батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Талдықорғанда түнде көктайғақ болатыны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама