Тұман және көктайғақ. 14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Камила Долаева Журналист
Тұман және көктайғақ. 14 қазанға арналған ауа райы болжамы ©Турар Казангапов

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды  ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды  ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде екпіні секундына 23-28 метр болуы күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Жарнама
Жарнама

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, секундына 15-20 метр жел күшейеді, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.  

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама