"Түнде вирус шашады". Жалған мәлімет таратқан әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері "Сарыағашта вирус себіледі" деп жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері "Сарыағашта вирус себіледі" деп жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде түнгі сағат 2 мен 3 арасында Сарыағашта балаларды ауыртатын вирус себіледі екен, балаларды көшеге шығармасын деп жатыр деген хабарлама таралған болатын. Бұл жалған ақпаратты таратқан әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы ақпаратты таратып, елді дүрліктірген әйел анықталды. Ол Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында анықталғандай, әйел бұл хабарламаны тек туыстарының көшеге шықпай отырулары үшін жазып, келініне WhatsApp арқылы жолдаған.

Реклама
Реклама

Бұл дерек Сарыағаш АПБ-мен ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама