ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2019 | 15:27
"Түнгі сот" пилоттық жобасы аясында түнгі сотта үкім шықты
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында "Түнгі сот" пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі мезгілде қаралған аудандық сотта қоғамдық орында масаң күйде балағат сөздер айтқан тұрғын жауапқа тартылған. Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен кінәлі деп танылған азамат 8838 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
"Сот сағат 18:00-ден 22:00 мезгілінде азаматтар үшін жұмыс істейді. Осыған орай күні бойғы жоспарды бұзып, жұмыстан сұранудың да, басы артық алаңдаудың да қажеті жоқ. Көрсеткіштер "түнгі соттың" қазіргі жағдайда тиімді екенін және азаматтарға қолайлы уақытта қатыса алатынын көрсетіп отыр", - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Показать комментарии
Читайте также