ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2022 | 11:33
Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталуы мүмкін
Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Норма бүгін, 7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.
"1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды", - делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.
Сонымен қатар, депутаттарға 25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу, сондай-ақ 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также