09 қараша 2022 | 14:07

Тұңғыш Президент туралы заң қашан жойылады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" заңның заңды күшін жою мәселесі жалпы отырыста дауысқа салынады", - деді Саиров.

Бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин бұл заңның референдумнан кейін тоқтатылатыны туралы айтқан болатын.

Реклама
Реклама

"Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, бұл заңды тиісінше алып тастау керек. Бұл кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында болады", - деді министр.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодексте президенттің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн жалпы бап қана болады. Ол барлық президенттерге ортақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная