21 желтоқсан 2018 12:32

Тұңғыш рет жемқорлыққа қарсы республикалық ақындар айтысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kyzmet.gov.kz © kyzmet.gov.kz

20 желтоқсанда Көкшетау қаласының "Достар" мәдениет сарайында қоғам мен азаматтық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті дәріптеген тұңғыш республикалық "Жаңғыруға жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!" атты айтыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 


20 желтоқсанда Көкшетау қаласының "Достар" мәдениет сарайында қоғам мен азаматтық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті дәріптеген тұңғыш республикалық "Жаңғыруға жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!" атты айтыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл айтысты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдау көрсетуімен Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында және "Рухани қазына" бағдарламасының "Аймақтық мәдениет, дәстүр мен құндылықтар" тармағының базалық бағытын іске асыру шеңберінде өткізді.

Агенттіктің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры, белгілі айтыс шебері әрі ақын-жазушы Арман Бердалиннің айтуынша, ақындар қазіргі қоғамда болып жатқан нағыз өзекті мәселелерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғағалы отыр.

"Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда біз жемқорлықпен күресуге барынша күш жұмылдырып жатырмыз. Ақмола облысында бұндай ерекше айтыс алғаш рет өткізіліп отыр. Айтыстың басты мақсаты - аузы дуалы ақындардың өткір жыры арқылы қоғамға ой тастау. Жалпы бұндай айтыс адамзаттық ашкөздік пен сатқыншылықты келемеждеудің қуатты құралына айнала алады. Сондықтан бұл шара бұқаралық сипатқа ие болуы керек, себебі ақындар қашанда ақиқатты ашып, шындықты шырылдатып жеткізеді", - дейді Арман Бердалин.

Жыр додасында республиканың түрлі қалаларынан жиналған, ұшқыр ой және суырыпсалмалық қабілетімен дараланған "Алтын домбыра" иегерлері Айбек Қалиев, Дидар Қамиев, Айтбай Жұмағұлов, Аспанбек Шұғатаев, Мұxтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Нұрлан Мұсаев, Әсем Ережеқызы, Марат Аxметов, Жарқын Жұпарxан, Құрмет Құралxан, Мұxаммед Қонқаев сынды біртуар ақындар ел алдында бақ сынады.

Арман Бердалин айтқандай, айтыскерлердің көздеген мақсаты жеңіске жетіп, жүлде алу емес, жемқорлыққа қарсы үндеу тастап, көпшілікті қоғамдық індетке қарсы ымырасыз күреске шақыру, Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының маңыздылығын паш ету, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттау, қазақтың төл өнері, құдыретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру болып табылады.

Айтыскерлердің өрелі өнеріне, өрнекті сөздеріне баға берген қазылар алқасының құрамында ақын, әнші, сазгер Иран Тасқара, филология ғылымдарының кандидаты, Республикалық айтыстардың жеңімпазы Серікзат Дүйсенғазин, ақын, М.Ғабдуллин мұражайының директоры Құдайберлі Мырзабек, сонымен қатар ақын, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рамазат Сәттібаев болды.

Осынау айтыста өз өнерін аянбай ортаға салған айтыскерлердің ішінен жеңімпазды анықтау қиынға соққанымен, жүлделі үшінші орынды республикалық айтыстардың жүлдегері, "Айтыс ақтаңгері" медалінің иегері, Қарағанды қаласынан келген Дидар Қамиев, екінші орынды 2 мәрте "Алтын домбыра" атағының иегері, Қызылорда қаласының тумасы Мұхтар Ниязов иеленді. Жүлделі бірінші орынды республикалық айтыстардың жүлдегері, "Айтыс ақтаңгері" медалінің иегері, Қостанай қаласынан келген Айбек Қалиев қанжығасына байлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети