Тұрғымбаев: ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғымбаев қазақстандықтарды шектеу шараларына шыдамдық танытып, сақ болуға, күдікті деректер туралы полицияға хабарлауға шақырды.

"Әсіресе лаңкестерге қарсы әрекет орнында сақ болуды, арандатуға берілмей, барлық күдікті дерекді полицияға хабарлауды сұраймын. Бұл арқылы еліміздегі тәртіпті қалыпқа келтіруде құқық қорғау органдарына үлкен көмек боласыздар", - деді Тұрғымбаев.

Реклама
Реклама

Ол мұндай қиын уақытта көрінеу жалған ақпарат таратуға болмайтынын, ал ондай дерек тіркелсе, полиция әрекет ететінін ескертті. 

"Мемлекеттік және ішкі істер органдарының ресми дереккөздеріне сену керек. ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар ҚК 274-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, үштен жеті жылға дейін сотталады", - деді ішкі істер министрінің міндетін атқарушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная