18 мамыр 2023 | 10:01

Тұрғын үй кешенінің ортасында орналасқан автобус паркі алматылықтардың ашуына тиді

Алматы тұрғындары тұрғын үй кешенінің орталығындағы тұтас аумақтың автобус паркі үшін жасалғанына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары тұрғын үй кешенінің орталығындағы тұтас аумақтың автобус паркі үшін жасалғанына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданындағы "Халық арена" мұз айдынының жанында орналасқан Medeu City тұрғын үй кешенінің тұрғындарының айтуынша, тұрғын үй кешенінің алаңы осы уақытқа дейін бос болған. Алайда, осыдан бір-екі ай бұрын қоршаумен қоршалып, жері тегістеліп, қоғамдық көліктер паркіне айналған. Азаматтар жер мақсатсыз берілгеніне наразы.

"Біздің кешеннің екінші және үшінші аймағындағы жерге "шаруа қожалығы" мақсатында заңсыз автотұрақ тұрғызылғанына байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз.

Автотұрақтағы көліктер мен автобустар тұрғын үйлерге жақын орналасқандықтан, тұрғындарға қиындық туғызып жатыр. Атап айтсақ, автобустардан шыққан түтін тікелей пәтерлердің терезелеріне кіріп, қоршаған ортаға, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізеді", - дейді тұрғындар ашуланып.

Реклама
Реклама

Үлкен көлемді автобустар балалардың өміріне қауіп төндіреді.

"Тұрғын үйлердің жанында автобус паркінің болуы тұрғын үйлерде тұратын көптеген балаға қауіп төндіреді. Жүріп бара жатқан автобустар баланы қағып кетуі мүмкін, бұл қауіпсіздік шараларының сақталмағанын білдіреді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы мәселені тоқтату үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды, атап айтқанда, аталған аймақты автобус паркі үшін пайдаланудың заңдылығын тексеруді және қажет болған жағдайда кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұраймыз", - деді тұрғындар.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы 16 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару басқармасы" тұрғын үй кешені тұрғындарының шағымы бойынша қаралып жатқандығын және жер телімін жекеменшік шаруа қожалығын жүргізуге берілгенін айтып өтті.

"Қазіргі таңда жер телімі нақты жоспарға сәйкес келмейтін көлік тұрағы ретінде пайдаланылып жатыр", - деді департамент өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная