05 маусым 2020 | 12:52

Тұрғын үй қоры астаналықтарды жалған құжат таратып жүргін алаяқтардан сақ болуға шақырды

Сурет: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қоры астаналықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қоры астаналықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

"Құрметті азаматтар! Осындай сипаттағы құжаттар бүкіл ел бойынша тарап жатыр. Бұл құжат жалған және тұрғын үй алуға негіз бола алмайды. Сақ және абай болуларыңызды сұраймыз. Тұрғын үй қоры тұрғын үй алу туралы осындай хабарламаны ешқашан таратқан жоқ және таратпайды да, сондай-ақ, мерзімі өткен несиелерге байланысты біз тұрғын үй кезегі есебінен шығармаймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қор өкілі жалдамалы тұрғын үй кезегіңіз келсе, тек құжаттарды жаңарту және өз санатын растау қажет екенін айтты. Бұл ретте бастапқы жарна немесе құжаттарды рәсімдеу үшін төлем талап етілмейді.

"Сізге мұндай хабарлама жіберілсе және ақша талап етсе, дереу 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тізімде белгіленген кезек тәртібімен немесе тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде беріледі", - делінген қор хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КГУ «Жилищный фонд» (@zhilfond_nursultan) 3 Июн 2020 в 8:03 PDT

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная