ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 11:52
"Тұрғын үй салуды тоқтата алмаймыз". Алматы әкімі қала тұрғынының шағымына жауап берді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуі кезінде Әуезов ауданы тұрғынының айтқан шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуі кезінде Әуезов ауданы тұрғынының айтқан шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуезов ауданының тұрғыны әкімге қалада көптеген тұрғын үй кешені салынып жатқанына шағымданып, адамдарға көбірек саябақ, сквер, әлеуметтік нысандар қажет екенін айтты.
"Әкімдік неге құрылыс бойынша кешенді бағдарламалар әзірлемеген?" - деп сұрады әйел.
"Біз тұрғын үй салуды тоқтата алмаймыз. Өйткені қала ұлғайып келеді және қажеттілік әлі де бар. 30 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар да бар. Тағы бір мәселе - олардың қалай салынып жатқаны немесе салынғаны. Кешендер салынып жатыр, бірақ онда балабақша да, мектеп те, аурухана да қарастырылмаған. Яғни, әр шаршы метр бизнеске, көбірек ақша табуға бағытталған. Осыдан кейін, сіздер айтқандай, мектеп, балабақша жетпейді", - деп жауап берді Сағынтаев.
Сонымен қатар, ол тұрғын үй кешенімен бірге мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды салуды міндеттейтінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также