"Тұрғын үй салынады деп жоспарланған". Құрылысшы атышулы көшені алматылықтарға қайтарды

Дина Шарипханова Корреспондент
"Тұрғын үй салынады деп жоспарланған". Құрылысшы атышулы көшені алматылықтарға қайтарды

Алматыда құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салғысы келген атышулы көшені тұрғындарға қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салғысы келген атышулы көшені тұрғындарға қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында орналасқан Политехническая көшесі туралы болып отыр. Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтар бұл жолды қайта пайдалана алатынын айтты.

"Былтыр желтоқсанның басында Политехническая көшесінің жабылуы қоғамда резонанс тудырды. Құрылыс салушының жобасы бойынша серіктестікке тиесілі бұл көшенің бір бөлігі жабылып, оған екі тұрғын үй кешені салынады деп жоспарланған болатын.

Құрылыс салушы жобаны өзгертті, қазіргі уақытта көше ашық, компанияның жеке қаражаты есебінен жол бөлігі қалпына келтірілді. Ақпанның аяғына дейін жер телімі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі", - деді мегаполис басшысы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама