13 тамыз 2020 | 09:15

Тұрғындардың Алматы облысы бас санитар дәрігерінің әрекетіне шағымдануы: қызметтік тергеу жүргізіледі

Видео кадры

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желіде және БАҚ беттерінде тараған Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жергілікті базардың өкілдерімен кездескен кезде азаматтарға қатысты айтқан сөздері туралы видеоны қарап шықты. ДСМ басшысы тұрғындармен келісе отырып, мұндай әрекет мемлекеттік қызметкерге сай емес деп есептейді", - дейді Қожахметов. 

Реклама
Реклама

Талқылау нәтижелері қосымша хабарланады. 

Айта кетейік, Ерғали Сыдыманов бірінші жұмыс күнінде Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездескен болатын. Шенеуніктің сөйлеген сөзін тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная