Түрікменстан президентінің Астанаға қашан келетіні белгілі болды

chrono-tm.org

Т?рікменстан президенті Гурбангулы Бердым?хамедов ?аза?стан?а 19 с?уірде ресми сапармен келуді жоспарлап отыр. Б?л туралы Т?рікменстаннны? Мемлекеттік а?паратты? порталыны? сайтында хабарлан?ан.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстанға 19 сәуірде ресми сапармен келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түрікменстаннның Мемлекеттік ақпараттық порталының сайтында хабарланған.

Сондай-ақ, сайттағы мәліметтерге қарағанда, Гурбангулы Бердымұхамедов Түрікменстанның Астанада 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысатыны жайлы қаулыға қол қойды.

Астанада өтетін келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың сауда-экономикалық байланысты дамыту, сондай-ақ, әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне басты назар аударатыны айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости Түрікменстан телеарнасына сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, биыл ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президентін сайлауда жеткен жеңісімен құттықтап, оны Қазақстанға шақырған болатын. Гурбангулы Бердымұхамедов бұл ұсынысты қабыл алған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама