16 наурыз 2023 18:02

Түрік елінің қайғысы - барша түркі жұртының қасіреті деп білемін - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз бауырлас Түркияға үлкен ауыртпалық әкелген аса жойқын жер сілкінісіне байланысты жиналдық.

Алапат зілзаланың зардабын тартқан Түрік елінің қайғысы - барша түркі жұртының қасіреті деп білемін. Қазақта "Қайғыны бөліссең - азаяды" деген сөз бар. Ағайынның басына күн туғанда біздің халқымыз ешқашан қол қусырып отырмайды.

Қазақстан халқы бірден түрік бауырларға қол ұшын созды. Құтқарушыларымыз және дәрігерлеріміз дереу көмекке аттанды. Қажетті құралдармен жабдықталған ең тәжірибелі, білікті мамандарымыз құтқару жұмысына атсалысты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл түрік халқына көңіл айтты.

Реклама
Реклама

"Жойқын жер сілкінісі еліміздің азаматтарын да бейжай қалдырмады. Біздің халқымыз бауырларымыздың басына түскен қиындықты бірге көтеруге атсалысты.

Қазақта "Асар" деген жақсы ұғым бар. Жұрт бірлесіп, мұқтаж жанға көмек қолын созады. Осы мақсатта Қазақстаннан Анадолы еліне көптеген еріктілер келіп, аянбай еңбек етті. Олар – ел басына ауыртпалық түскенде алғы шепте болатын шынайы патриот азаматтар, жаны таза адамдар.

Еріктілерді ортақ іске жұмылдыру аса маңызды. Сондықтан, мен Ұйымымызға мүше елдердің өкілдерін биыл Астанада өтетін Еріктілер форумына шақырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram