13 сәуір 2023 | 16:57

Түрік ривьерасы Күн, құм, жағажайымен тартымды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркияның Жерорта теңізінің жағалауын "Түрік ривьерасы" деп бекер атамайды. Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті мекеніне айналған Жерорта теңізінің аймағы жағажай, құм және Күнімен ғана емес, салт-дәстүрімен, тамырын тереңге тартқан тарихымен, мәдениетімен тартымды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Жерорта теңізінің жағалауын "Түрік ривьерасы" деп бекер атамайды. Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті мекеніне айналған Жерорта теңізінің аймағы жағажай, құм және Күнімен ғана емес, салт-дәстүрімен, тамырын тереңге тартқан тарихымен, мәдениетімен тартымды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келушілерге демалыспен қатар түрлі шара ұсынатын Түрік ривьерасы саяхаттың саналуан қырын меңгерген.

Реклама
Реклама

Жерорта теңізі дегенде ең алдымен Анталья келеді көз алдына. Өзінің 229 жағажайымен, тарихи мекендерімен, тіл үйіретін тағамдарымен, Жұмаққа айналған табиғатымен, спорттық шараларымен орны бөлек Антальяны тұрақты демалыс орнына айналдырғандар көп.

Туристерді баурап алған Караин, Дамлаташ, Дим орналасқан жерлердің сұлулығы таңдай қақтырады. Анталья маңында әлемдегі ең керемет жаяу жүргінші жолы бар. Мысалы, Писидияның мирас соқпағы, Ликия соқпағы, қасиетті Павл жолы.

Антальядағы Каш ауданы әлемдегі ең керемет 10 дайвинг мекенінің бірі ретінде танымал. Осы ауданда парагладайвинг, су спортының басқа түрлері туристерді қатты қызықтырады. Ал Белек өзінің әлемдік деңгейдегі гольф алаңдарымен танымал.

Түрік ривьерасының тізіміндегі Афьонкарахисар, Анталья, Бурдур, Испарта и Конья шеңберінде 16 көл бар. Сондай-ақ, Акшехир, Бурдур, Бейшехир, Эйрдир, Ковада мен Салда Travel + Leisure тарапынан “2023 жылдағы саяхат жасайтын ең үздік мекендер” қатарынан табылды. Антальяға барсаңыз, тектоникалық көлдерді, тарихи римдік ескерткіштерді тамашалайсыз.

Түркиядағы лаванданы өсіретін аймақ – Испарта көлдер алаңында орналасқан. Жерорта теңізінің сан алуан сұлулығымен қызықтыратын Испарта Тавр тауындағы бағалы тастың қалай жарқылдайтынын көрсетеді.

Жерорта теңізінің гастрономиялық артықшылығы – бөлек әңгіме. Балық пен теңіз өнімдеріне басымдық берілетін тағамдарға көкөніс мол қосылады. Жергілікті шарап, күнефе мен балмұздақ та тек осы аймаққа тән.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная