Түркия Президенті көңіл айту жеделхатын жолдады

Камила Долаева Журналист
Сурет: РИА Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның көңіл айту жеделхаты келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым Сізге, бауырлас қазақ халқына,  қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Түркия Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама