Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге санавиациямен жеткізіледі

© pexels.com

Т?ркияда жол апатынан зардап шеккендер елге жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?Р СІМ баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов айтты.

Түркияда жол апатынан зардап шеккендер елге жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты.

"Мәселе шешілді, олар бүгін Қазақстанға ұшып келеді. Түстен кейін шығып, кешке қарай ұшып келеді. Рейсті санитарлық авиацияның көмегімен ұйымдастырдық", - деді Жайнақов. Сондай-ақ, ол зардап шеккендердің Алматыға келетінін айтып өтті.

Түркияға олардың жақындарының барғаны да белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Өз бетінше қозғала алатындар Қазақстанға оралды. Ал төртеуі әлі Антальяда және зардап шеккендерге көмектесу үшін төрт жақындары барды", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Мұның алдында Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті дос жантүршігерлік жол апатына ұшырағаны белгілі болған еді. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапқан, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға түскен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама