Түркістан облысының шекарасы бекітілді

Түркістан. © otyrar.kz

Қазақстан Үкіметі Түркістан облысының, Түркістан және Кентау шекараларын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

" Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан облысының аумағынан Шымкент қаласының жалпы алаңы 116280,0 гектар жерін шығару жолымен облыс шекарасы белгіленсін. Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген үкімет қаулысында. 

Реклама
Реклама

Түркістан облысының аумағы - 11 608,6 мың гектар. Солтүстік шекарасы Жамбыл облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді; солтүстік-батыс шекарасы Қарағанды облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді; батыс шекарасы Қызылорда облысының қолданыстағы шекарасы бойынша өтеді;

Оңтүстік және оңтүстік-батыс шекарасы Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама