Түркістан: қазығұрттық кәсіпкер екі отбасыға баспана сыйлады

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер туған жерге тағзым деп жаңа жыл қарсаңында екі жанұяға баспана сыйлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер туған жерге тағзым деп жаңа жыл қарсаңында екі жанұяға баспана сыйлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Көптен аңсаған армандары орындалып, баспаналы болғандар - ішінде көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақтың шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.

Реклама
Реклама

Жаңа тұрғын үй "Қазығұрт" шағын ауданынан бой көтерген. Төрт бөлмелі баспана су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар.

Айта кетерлігі, ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болып жатқанына себепкер болып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама