31 мамыр 2020 | 13:06

Түркия азаматы Түркістанда коронавирус жұқтырды

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген Түркия азаматы Түркістанда коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген Түркия азаматы Түркістанда коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. 

Түркістан облысында короновирус жұқтырған 6 адам тіркелді. Олар: Сайрам ауданының 1965 жылы туған тұрғыны, Төлеби ауданының 1989 жылғы, Сарыағаш ауданының 1986 және 1987 жылдары дүниеге келген, сондай-ақ, Ордабасы ауданының 1955 жылғы тұрғыны.

Реклама
Реклама

Байланыста болған адамдарды тексеру кезінде Түркістан қаласында жұмыс істейтін 1973 жылғы Түркия азаматында инфекция анықталды.

Қазіргі уақытта емделушілердің жағдайы қанағаттанарлық, олар оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. 

Байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланады. Ауру ошақтарында дезинфекция жүріп жатыр.

Бүгінде облыс бойынша COVID-19 жұқтырған 370 адам бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная